Қанша шетелдік Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алды
Жыл басынан бері елімізде жұмысқа орналасуға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін «Е-лицензиялау» порталының көмегімен 23551 рұқсат берілді, - деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.
15:14 07.12.2017
«E-лицензиялаудың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі лицензиялау, құжаттарға рұқсат беру және мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық механизмін қамтамасыз ету үшін құрылған. Ол ҚР мемлекеттік органдарының - лицензиарлардың және бизнес-қоғамдастықтың арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық механизмін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл жүйе Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, 2017 жылдың басынан порталдың көмегімен 30-дан астам ақпараттық жүйе біріктірілген, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы, жылжымайтын мүлік, салық және көлік жүйесі, шамамен 655 268 рұқсат қағазы және 22 712 лицензия берілді.
Биылғы жылы ең танымал электронды лицензиялар мен рұқсаттардың ішінде келесі қызметтер бар:
Жер ресурстарын басқару жобаларын мақұлдау туралы - 102002;
Жеке кәсіпкерлігін бастағаны туралы хабарлама - 75513 ;
Клиникалық практикаға қабылдау үшін маман сертификатын беру - 70788;
Жеке тұлғаларға азаматтық қару және патрондар сатып алуға рұқсат беру – 27920;
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасу үшін шетелдік жұмыс күшін тарту – 23051;
Жалпы Қазақстан бойынша 8000 мекеме рұқсат беру жүйесінде мемлекеттік функцияларды орындайды. «Е-лицензиялау» жобасы басталғаннан бері 2 млн-нан астам электронды рұқсаттар мен 319,127 лицензия берілді.
Фото: kro-rodina.ru
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!