Ақын Ғали Ормановтың латын әріпімен жазылған кітабы табылды
Якутия Республикасының кітапханасынан ақын Ғали Ормановтың "Олжабек" кітабы табылды.
10:07 08.12.2017
Кітап 1935 жылы "Қазақстан көркем әдебиет" баспасынан латын әрпімен басылып шыққан.
Айта кетейік, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі – Ғали Орманов.
Ол 1907 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген.
Публицистің ең алғашқы кітабы 1934 жылы жарық көрген.
Ақын Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары