Шағаланың авторы шағымданбады
ҚР Ұлттық банкі шағаланың авторынан ресми хат түспегенін хабарлады. Швейцариялық фотограф Марсель Буркхард авторлық құқығын талап етіп ресми хат жазбаған.
13:55 08.12.2017
Жаңа 500 теңгедегі суреттің барлығы дизайнерлер қолмен салғаны нақтыланған.
Қаржылық ұйым егер суретші хабарласса оның хатын қабылдауға дайын екендіктерін айтты.
Айта кетейік, айналымға шыққан жаңа 500 теңгеде бейнеленген құстың суреті үшін швейцариялық фотограф Ұлттық Банктен өтемақы талап етіп, құстың суретін өзінікі деп мәлімдеген еді.
Ал өтемеқыдан бас тартпаймын деген швейцариялық фотограф Марсель Буркхард Фейсбуктегі жазбасын өшіріп тастапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!