Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, сегізі зардап шекті
Алматы-Қапшағай тас жолында жан түршігерлік жол апаты орын алды. Үш көліктің соқтығысуынан болған апат салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі ауыруханаға жеткізілген.
09:10 11.12.2017
Оқиға түнде болған. Апатқа Volkswagen Passat жүргізушісінің айтуынша Subaru көлігін тізгіндеген жүргізуші кінәлі. Ол үлкен жылдамдықпен келе жатып рульге ие бола алмай жол үстінде айналып кеткен. Алдымен Volkswagen Passat-ты соққан жапон көлігі қарсы бетке шығып кетіп Toyota Camry көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Апат салдарынан Subaru көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Toyota Camry-де болған үш ересек және төрт бала зардап шекті. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ал Toyota Camry-дің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған
Видео: TengrinewsTV
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!