{metadescription}
Депутат Балиеваның айтуынша, елде педофилия дамып келеді

Депутат Балиеваның айтуынша, елде педофилия дамып келеді

Өткен жылға қарағанда 2017 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты  зорлық-зомбылық 33% өскен.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы балалардың құқықтары жөніндегі комиссары Зағипа Балиева мәлімдеді.

2017 жылғы 9 айдың нәтижелерін 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырсақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, зорлық-зомбылыққа қатысты  қылмыс  100-ден 133-ке дейін, 33 пайызға артып кетті », - дейді Балиева.

Сондай-ақ, оныңайтуынша, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық  83 жағдайдан 108-ге дейін өсіп, 31 пайызды құрады.

«2016 жылы Қазақстанда 180-нен астам бала зорлықтан зардап шекті, бұл 2015 жылға қарағанда аз болса да, елде педофилия дамып келеді», - деп жалғастырды депутат.

Загипа Балиева 2018 жылдан бастап Қазақстанда педофилдердің химиялық кастрациясына мүмкіндік беретін норма қабылданғанын еске салды.

«Алайда, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде, мына мәселені көтергім келеді: бұған денсаулық сақтау жүйесі мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері қаншалықты дайын? Егер бас бостандығынан айыру орындарында бұл мәселе қандай да бір түрде шешілсе,  жазасын өтеген және шығатын қылмыскерлермен не істеу керек?» - деп қорытты Балиева.

ДЕРЕККӨЗ: Kazpravda.kz.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.