Эрдоған: Иерусалим Палестина астанасы боп жариялансын
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Иерусалимді Палестина астанасы болып жариялансын деп ұсынды.
17:00 13.12.2017
Оның айтуынша, АҚШ қаланы Израиль астанасы деп танығанда «халықаралық нормаларды таптады» .
«Бірнеше қадам жасағаннан-ақ қаланың басқыншылықта екенін түсінесің. Израиль - террористік мемлекет. Әскери-еррористтер балаларды ұстап алып, түрмеге қамап жатыр », - деді түрік президенті Стамбулдағы Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс саммитінде.
Ол Иерусалимді «басып алынған Палестина» астанасы деп мойындауға шақырды және Дональд Трамптың шешімін айыптаған елдерге алғысын білдірді.
«Мен БҰҰ-ға мүше 196 елдің дұрыс ұстаным көрсететініне сенімдімін. АҚШ ядролық держава болуы мүмкін, бірақ бүкіл әлем оларға тиесілі емес» деді Ердоған.
ДЕРЕККӨЗ: РИА Новости
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!