2018 жылы басылып шығатын қоғамдық маңызы бар шығармалар тізімі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы сараптамалық кеңес қоғамдық маңызы бар 56 шығарманы бекітті.
17:14 13.12.2017
Келесі жылда аталған еңбектердің бәрі басылып шығады. Мемлекет авторларға әрбір баспа табақ үшін 150 мың теңге қаламақы төлейді.
Мәселен, 20 баспа табақ болатын орташа кітапқа шамамен 3 млн теңге беріледі.
Қоғамдық маңызы бар шығармалар 9 бағыт бойынша іріктеледі. Соның ішінде энциклопедиялық және анықтамалық, балалар және жасөспірімдер, мәдениет және өнер, көркем-танымдық, қоғамдық, ғылыми-көпшілік және аударма әдебиеттер бар.
Биылғы конкурстан өткен барлық шығармаларға бюджеттен 150 млн теңге бөлініп отыр. Әрбір кітап 5 000 данамен басылып, республика бойынша барлық кітапханаларға таратылады.
Баспаға берілетін шығармалар:
Жұлдыз Тойбектің «Кеудеме көкала үйрек келіп қонса» кітабы
Жолтай Алмашев - «Бесік ұшқан күн»
Рапилбек Ниязбек - «Арғымақтар даласы»
Айтуар Өтегенов - «Шерқала»
Нұрлан Оразалин - «Көкжал дәуірі» - «Время волчица»
Талас Омарбеков - «Қазақтың шығу тегі»
Тынымбай Нұрмағамбетов - «Рухтан жерден кетеді»
Ахмет Әшіров - «Баурчук Арт Текин»
Ғалымжан Мельдешов - «Журналист жолға шығады»
Жанат Айтмұхамбет - «Қыш тақтайдағы сына жазу»
Бибігүл Иманғазина - «Тауқымет»
Қуаныш Жиенбай - «Күздің жылы жаңбыры»
Қуандық Түменбай - «Жасыл жанып тұрғанда»
Құлбек Ергөбек - «Баянсыз»
Айбат Кептербаев - «Көктемнің мөлдір тамшысы»
Жанболат Аупбай - «Табиғат терезесі»
Қарашаш Тоқсанбай - «Сыр-сымбат»
Тельман Нурахунов - «Қанлиқ өстәң»
Бамыш Бахытбек - «Сөз мәйегі»
Толымбек Ыбырайым - «Тағдыр сыйы»
Елен Әлімжан - «Анажар»
Төрегелді Тұяқбай - «Төрт тағыс»
Ғалым Әріп - «Дыбыстар дірілі»
Қапез Қожахметов - «Қаламгер әулеті»
Нұржан Қуантаев - «Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі»
Арасанбай Естенов - «Көне кенттер күмбірі».
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары