Видео: 70 метр биіктікте рекорд орнатты
Даршы (арқан бойымен жүретін әртіс) Сена өзенінің 70 метр биіктігінде нейлон жіптің үстімен жүріп өтті.
18:08 13.12.2017
Француздық Натан Полэн әлемдік рекорд орнатты. Ол екі нысанның арасында тартылған жіптің үстімен жүріп өнер көрсетті. Өнер сахнасы Сена өзенінің 70 метр биіктігінде орналасты және жүріп өткен қашықтық Эйфель мұнарасынан Трокадеро алаңына дейін 670 метрді құрады.
Жүріс қауіпсіздік белдігімен өтті және жарты сағатқа созылды. Әртістің айтуынша, дайындық кезінде көздеген бағытына 80 метр қалғанда құлап кеткен.
Слэклайн – нейлоннан жасалған арнайы жіп.
Бұдан бұрын да ол рекорд орнатқан. Қала ішінде 651 метр қашықтықты еңгерген.
ДЕРЕККӨЗ: AFM Téléthon (YouTube)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!