ВИДЕО (18+): қызды метрода пойыздың астына итеріп жіберді
Екі қыздың арасындағы жанжал қайғымен аяқталды.
17:17 14.12.2017
Румынияда көшедегі бейнекамера екі қыздың арасындағы дауды жазып қалған. Қара киген қыз жанжалдасып тұрып рельстерге екіншісін итеріп жіберді. Содан кейін оның қолынан итеріп, заттарын тепкілеп, платформаға көтерілуіне жол бермеген.
Байқұс қыз платформаға шыға алмай, жүйткіп келе жатқан пойыздың астына түсіп кетті. Қатты жарақат алған қыз оқиға орнында мерт болды.
Қайғылы оқиғаға кінәлі Бухарест қаласының тұрғыны ұсталды. 36 жастағы айыпталушының айтуы бойынша, қақтығыстың себебі кек алу болған. Тергеу жалғасуда.
ДЕРЕККӨЗ: ren.tv
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары