Қазақстанда экстремизмге күдіктілер есепке алынбақ
Қазақстанда экстремизмге қатысы болуы мүмкін деп күддікке ілінгендер арнайы есепке алынатын болады.
17:25 14.12.2017
Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев айтты.
Оның сөзіне қарағанда, аталған өзгерістерге сәйкес діни радикализммен күрес бойынша бірқатар жаңа шаралар жүзеге асырылатын болады.
«Деструктивті діни ағымдармен күресуге мүмкіндік беретін бірқатар жаңа нормалар қарастырудамыз. Оның ішінде ішкі істер органдарында экстремизм мен терроризм көріністері үшін жағдай жасауы мүмкін тұлғаларды алдын ала ескерту шарасын қолдану мүмкіндігі беріледі. Егер адамға аталған шара қабылданатын болса, онда ол дактилоскопиялық криминалдық есепке алынады. Яғни, бұл экстремизм саласында қылмыс жасауы мүмкін адамдармен нақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұндай норма әлемнің көптеген елдерінде бар және ол өзінің тиімділігін дәлелдеген»,- деді ол.
Бүгінде экстремизм күдігіне ілінген адамдарға қатысты идеологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыда дерадикализациялау жұмыстары жүргізілуде. «Олар білуі үшін құқық қорғау органдары ерекше бақылауға алғандығы ескертіледі. Оларды ашық түрде есепке алады», - деді Еркін Оңғарбаев.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!