{metadescription}
ВИДЕО: Алматыда 12 көлік ұрлаған жасөспірім ұсталды

ВИДЕО: Алматыда 12 көлік ұрлаған жасөспірім ұсталды

Алматы полициясы өткен түнде «Mazda 626» автокөлігін ұрлап кеткен хабарды ести сала жедел-іздестіру шарасын жүргізді.

Бұл туралы  Patrul.kz хабарлайды.

Mazda 626 автокөлігі Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында ұрланған. Куәгерлер бұл туралы дереу полицияға хабарлады. Қалада жедел-іздестіру шарасы қолға алынып, біраз уақыттан кейін «Боран» экипажы автокөлікті көзі шалды. Полиция қызметкерлерінің  тоқта деген талабын пысқырмаған жігіт газды қатты басып, бұйрықты орындамады.

Дегенмен ұзаққа кете алмады, полиция қызметкерлері оны Алтынсарин көшесіне жете бере Абай көшесінде қолға түсірді.

Ұрланған автокөлікте  2002 жылғы бала отырды. Оның айтуынша, бұл оның жалғыз ұрлығы емес, ол 12 рет автокөлік ұрлаған боп шықты. Кәмелетке толмаған бала бұл қылмысқа досы жетелегенін және оның қашып кеткенін мойындады.

Полиция қызметкерлері жас күдіктіні Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде