{metadescription}
Сирияда өлген қазақстандықтардың балалары босып жүр

Сирияда өлген қазақстандықтардың балалары босып жүр

Сирияда қалған қазақстандық балаларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Олардың ата-аналары әскери қақтығыстарда қайтыс болған.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызметі өткізген баспасөз-мәслихатында айтылды. 

"Қазір Сирияда қалған қазақстандық балалар туралы тура мағлұмат жоқ. ҰҚК ондай дерек жоқ. Шетелге шығу - Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы, қалай және қай мемлекет арқылы әскери аймақтарға барып жатқанын ешкім бақылап жүрген жоқ. Ондай азаматтар консулдық тіркеуге тұрмаса, оларды елге қайтару қиын. Ал әскери қақтығыстарда қайтыс болған қазақстандықтар аз емес. Олардың балалары босқындар лагерьлерінде қалды.Қазір сол балаларды анықтау бойынша тиісті шараларды атқарып жатырмыз", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев.  

Қазақстандық балаларды табу оңай шаруа емес. Себебі олардың ішінде кішкентай балалар да бар екен.

"Олар қайдан және қашан келгенін айта алмайды. Себебі әскери қақтығыстар аймағында жүргендеріне үш-төрт жыл болды. Сол жерде туған да шығар. Қазір құзіретті органдармен бірлесе отырып, ол балаларды қайтару бойынша арнайы жоспарды даярлап жатырмыз. Әрине, оларды дерадикализациялау жағын да ойластыруымыз қажет. Өйткені ондай азаматтарды бейбіт өмірге бейімдеу керек. Негізгі мәселе - сол жақта қалып қойған балаларды идентификациялау. Бәлкім, телеарналардың біреуі ондай лагерьлерге барып, екі-үш жақсы репортаж түсіріп көрсетсе, осы жақтағы туған туыстары танып қалатын шығар. Сонда тиісті құжаттарды рәсімдеп, эвакуациялау шараларына кірісуге болады", - деп атап А.Мадиев.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде