Сомалиде полиция академиясында болған жарылыстан 18 адам қаза тапты
Оқиға ел астанасы Могадишо қаласындағы полиция академиясының алаңында болған. Жанкешті әскерилер шеруі басталар сәтте жарылғышты іске қосыпе жіберген.
11:31 15.12.2017
Оқиға орнында 18 адам қаза тапуып. 20-дан аса адам жарақат алған.
Бұл шабуылды "Әл-Шабаб" радикалды исламдық тобы растап отыр.
Айта кетейік, Сомалиде «Әл-Каида» халықаралық террористік ұйымымен тығыз байланысты "Аш-Шабаб" ("Жас моджахедтер қозғалысы") радикалды ислам тобы өркен жайған. "Аш-Шабаб" Сомалидің орталық үкіметіне және БҰҰ гуманитарлық қызметіне қарсы қарулы күрес жүргізіп келеді. Бұл топ 2008 жылы АҚШ-та террористік ұйымдар тізіміне енген және мемлекет аумағында санкцияланған.
Сондай-ақ, 14 қазанда Могадишода жасалған террорлық жарылыстардан 358 адам қаза тапқан еді. Билік орындары оны да "Әл-Шабаб" тобы жасаған дейді.
Видео: http://Reuters Media Express
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!