{metadescription}
Қос құрбы Астанада шетелдікті ұрып, тонап кеткен

Қос құрбы Астанада шетелдікті ұрып, тонап кеткен

Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кетті.

Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылдың қазан айында қазақстандық қыз әлеуметтік желілерде жалған атпен Италия азаматымен танысқан. Кейін ол шетелдікпен сауда орталығында кездесуге келіседі.

«Таныстықтан соң қос құрбы онымен сыра ішуге мейрамханаға баруды ұсынады. Сағат 23.00-ге дейін ейрамханада отырып, үйге қайту үшін далаға шығады. Далада тірі жан жоқ екенін байқаған қыздар шетелдіктің бетіне тас лақтырып, оның қымбат ұялы телефонын алып қашып кеткен»,- деп хабарлайды Астана соты.

Астана қаласының №2 Алматы аудандық сотының қаулысымен қыздар ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлімі 1, 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Сот олардың біреуіне төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, екіншісі үш жылға колонияда отыратын болды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде