{metadescription}
Тәуелсіздік күні: Алматы әкімі бірқатар азаматтарды марапаттады

Тәуелсіздік күні: Алматы әкімі бірқатар азаматтарды марапаттады

Алматыда ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Жиын барысында қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттар табыстады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

 Салтанатты жиын барысында еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан 70 алматылық азаматқа мемлекеттік марапаттар тапсырылды.

«Парасат» орденімен Қазақстан Республикасының Әнұранын тұңғыш орындаушы Сара Тыныштығұлова мараптталды.

 «II дәрежелі Достық» орденін мемлекет және қоғам қайраткері, Орта Азия Университетінің президенті Жұматай Әлиев алды.

«Құрмет» орденімен «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Константин Авершин, суретші Амандос Ақанаев, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ ауруханалар бірлестігінің меңгерушісі Сергей Шиллер марапатталды.

«ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» ордені «Ақсай» Нан бөлке комбинаты» ЖШС нан-бөлке өнімдерін даярлаушы Рушангүл Гаитоваға, «Кастинг» ЖШС электролиз сұйықтығы цехының маманы Александр Зейбельге берілді.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын «Сымбат» сән академиясының арт-директоры Балнұр Асанова иеленді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен №134 лицейдің химия пәнінің мұғалімі, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог Ирина Нестеренко марапатталды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде