ВИДЕО: Ақтаулық қыздың асқазанынан ұйысып қалған батпандай шаш алынды
15 жастағы қыз Маңғыстау облыстық ауруханасына ішінің қатты ауырғанын айтып шағымданды.
17:48 15.12.2017
Ол тамақ ішкеннен кейін лоқсып құсқанын айтты, - деп хабарлайды InAktau.kz.
Ультрадыбыстық тексеру қыздың асқазаны тығыздалып тұрғанын көрсетті. Хирургтар асқазаннан 30 см-лік ұйысып қалған шаш алып шықты.
Белгілі болғаны, қыз шашын өрген сайын шашының ұшын аузына салып тұрады екен. Нәтижесінде жұтылған шаштар асқазанына жиналып, ұйысып, трихобезоарға айналған.
«13 желтоқсанда ота жасалды. Қазір ол ауруханада, жағдайы жақсы. Бұдан бұрын да осындай ота жасап келдік, бірақ бұндай үлкен көлемдегі шашты тұңғыш көріп тұрмыз. Ұйысқан шаш қыздың бүкіл асқазанын алып жатты», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бейне эндоскопиялық хирургия бөлімінің бастығы Талғат Мұқантаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!