Қазақ» газеті атындағы сыйлық тағайындалады
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықтың тағайындалатынын жариялады.
16:36 20.12.2017
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Алдағы жылы ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толады. Осыған орай, «Үркер» байқауы аясында «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықты тағайындауды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Абаев.
Айта кетейік, бүгінгі жиында министр Абаев БАҚ саласындағы арнайы стратегияның дайындалатынын жеткізді. Бұдан бөлек, Абаев қазақ сайттарының негізгі міндеттерін атады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!