ВИДЕО: Қытайда өлім жазасын көпшілікке арналған көрініске айналдырды
Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы шақыру жіберілді.
17:01 20.12.2017
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында он адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Guardian.
Жеті адам есірткіге байланысты қылмыстар үшін, тағы үшеуі - кісі өлтіру мен тонау үшін сотталды. Әлеуметтік желілер арқылы келгісі келетін адамдарға шақыру жіберіліп, оларға төрт күн бұрын хабарлама жолданды.
Бірнеше мың адам жиналып, өлім жазасына кесілгендер жүк көлігімен әкелінді. Көліктің бипылдаған дауысы мен адамдардың айқайы құлақ жарды. Әр қылмыскердің жанында қара көзілдірік киген төрт офицерден тұрды. Сосын жиналғандардың көзінше экзекуция жасалды. Бұның бәрін ұялы телефон камерасына түсіріп жатты.
Айта кетсек, жиналғандар арасында балалар да болды.
Биліктің айтуынша, бұндай көрініс басқа адамның қылмысқа баруына тойтарыс беруі мүмкін. Дегенмен жиналғандардың басым көпшілігі бұны «қатігездік» және «қорлаушылық» деп санайды.
Дуй Хуа қорының мәліметтері бойынша, 2016 жылы екі мыңға дейін өлім жазасы қолданылған.
Источник видео: The Bharat 365 (YouTube)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!