ВИДЕО: Тәтті нанның іші толған темекі тұқылы!
Шымкент қаласының тұрғыны дүкеннен екі тәтті нан сатып жеп, ауруханаға түсті. Тағамның ішінен темекі тұқылдары табылған.
18:20 20.12.2017
«Күйіктің дәмін сездім. Сосын темекі тұқылын жұтып қоя жаздадым. Сол күні жылдам ауруханаға барып ем қабылдауға тура келді. Өйткені дене қызуым көтеріліп, жүрегім айныды. Жиіркенгенім соншалық, сөзбен айтып жеткізу қиын. Әлі күнге дейін тамақ ішуге тәбетім жрқ. Бұған кінәлілер жазасын алсын деп талап етем» - деді Шолпан Сәрсенбаева.
Дүкен қожайыны тәтті нанды жеткізушілермен хабарласты.
«Біз өзіміз таң қалдық. Бұл тәтті нанды көбінесе балалар сатып алып жейді. Мұндай жауапсыз фирмаларды жабу керек. Енді олармен бірге жұмыс істемеймін. Олар мені қорлады », - деді дүкеннің иесі Әлия Әлішерова.
Дегенмен кондитерлік цехтың директоры кінәсін мойындамады. Айтуынша, бұлы оған қарсы әдейі жасаған әрекет.
Источник видео: Web video (YouTube)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!