Мүгедектікті анықтау қызметінің электрондық форматы жылдам жасалатын болды
Бақытжан Сағынтаев мүгедектікті анықтау қызметін электронды форматқа көшіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
17:33 20.12.2017
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Цифрлық әлем жылдам өзгеруде. Біз 2 жылға жоспарлап қойыппыз. 2 жылдан кейін ол қызметтер мүлдем ешкімге қажет болмай қалуы ықтимал. Мүлдем басқа технологиялар пайда болуы мүмкін. Ал мүгедектікті анықтауды электронды форматқа көшіру мәселесін 2019 жылдың ортасына жазып қойыппыз. Бұл өте маңызды мәселе, оны қазір шешу қажет. Өзі мүгедек, аяқ-қолы жоқ, 2 жыл күтіп жүруі қажет пе? Бүкіл дүниежүзіне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдадық деп жарияладық. Жарымжан адамдарға қызмет көрсетуді ең соңына ысырып қойып отырмыз. Осы дұрыс па? Жоқ, менің ойымша дұрыс емес. Сондықтан осы мәселеге көңіл бөлу қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Үкімет басшысы еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан осы жылдың соңында дейін баланның туу туралы анықтаманы электронды түрде беру жүзеге асырыла ма деп сұрады.
«Бақытжан Әбдірұлы, біз регламенттеу сияқты көптеген ішкі мәселелерін шештік. Иә, жылдың соңына дейін іске қосылады», - деп жауап берді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!