{metadescription}
Қазақстанда криптовалютаның жаңа түрі пайда болды

Қазақстанда криптовалютаның жаңа түрі пайда болды

Қазақстанда блокчейн технологиясының көмегімен жұмыс істейтін халықкоин атты жаңа криптовалюта түрі пайда болды.

Бұл туралы Halykcoin баспасөз қызметі хабарлады.

Криптовалютаны жасап шығару мәселесімен 15 адамнан құрылған Halykcoin Foundation тобы айналысты. Олардың арасында бағдарламашылар, крипто-қаржыгерлер және маркетологтар бар. Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, халықкоин 21 желтоқсаннан бастап өзге валюталармен қатар биржаларда саудаланатын болады. Мұнымен қатар, халықкоиндарды шетелде жүріп те иелене аласыз.

Жасап шығарушылардың айтуынша, бұл валюта түрі Қазақстанның имиджін жақсартып, шетелдік инвесторларға белгілі бір деңгейде сенім ұялатады.

Дерексөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде