{metadescription}
Қорқыт ата атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Қорқыт ата атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Қорқыт ата атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Түркия астанасы Анкарада Еуразия Жазушылар қауымдастығы ұйымдастырған Қорқыт ата атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.  

Бұл туралы ҚР Түркиядағы Елшілігі хабарлады

Түркітілдес мемлекеттерден 48 үміткердің өтініші сараланған байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр.

Тартысты өткен додада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Ахметжан Ашири «Шарбақ» пьесасымен І орын иеленді.

ІІ орынды түрік драматургі Лүтфи Шахсувароғлы «Тұғрыл Бейдің түсі» пьесасымен жеңіп алды.

ІІІ орынға әзербайжан жазушысы Первин Нұралиеваның «Асып өтер Арасты»,

 ІV орынға түрікмен жазушысы Оғулмая Семизаденің «Ұлы таулардың әні» атты драмасы лайық деп табылды.

Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы, жазушы Якуп Омароғлының айтуынша, іріктеу комиссиясына түркітілдес мемлекеттерден 48 өтініш келіп түскен.

«Биыл екінші мәрте жүзеге асып отырған байқау әділ өту үшін қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері соңғы сәтке дейін құпия ұсталды. Барлық жұмыстардың жан-жақты саралануы нәтижесінде Ахметжан Ашири «Шарбақ» пьесасымен І орын иеленді», - деді ол.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде