Бүгін 2017 жылдағы ең ұзақ түн болмақ
2017 жылдың 21 желтоқсанында - ең ұзақ түн және ең қысқа күн болатын қысқы күн тоқырауы күтілуде.
17:31 21.12.2017
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Мысалы, Астанада қысқы күн тоқырауында - 2017 жылдың 21 желтоқсанында сағат 9:16-да күн шықса, 17:09-да батады.
Күндізгі уақыттың ұзақтығы 7 сағат 53 минутты құрайды.
Қысқы күн тоқырауда күн оңтүстік-шығыстан шығып, оңтүстік-батыстан батады.
Енді күн ұзарып, түн қысқарады.
Халқымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа күн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған.
Бұл кезде Солтүстік жарты шарда астрономиялық қыс басталып, Солтүстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады.
Күннің қысқы тоқырауынан соң күннің біртіндеп ұзаруы басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!