ВИДЕО: Өскеменде қызымен ұрсысып қалған жігіт көліктің астына түсті
Өскемен қаласында қызымен ұрсысып қалған жігіт көліктің астына түсіп, өмірмен қош айтыспақ болған.
09:48 22.12.2017
Өскемен қалалық ІІБ-нің мәліметінше оқиға 21 желтоқсан күні таңертеңгі 10:18-де Октябрьский көшесінде болған.
1999 жылы туған бозбала қызымен бірге серуендеп жүрген. Осы кезде екеуі сөзге келіспей қалып, жас жігіт өзіне қол салатынын айтып, қорқытқан. Содан соң ол өтіп бара жатқан «Lexus» көлігінің алдынан атып шыққан.
«Зардап шегушінің миы шайқалған, басынан жарақат алған. Қазір ауруханада», -деп хабарлайды ІІБ баспасөз қызметі. Полицейлердің айтуынша, көлік апатына жаяу жүргінші кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды.
Дерексөз: ҚазАқпарат
Видео: YKnews Kz (YouTube)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!