{metadescription}
Өзбекстан Қазақстанға қарызын өтеді

Өзбекстан Қазақстанға қарызын өтеді

2017 жылдың желтоқсан айында «Өзбекэнерго» АҚ 2011-2017 жылдары аралығында электр энергиясын жеткізу және қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсету шарты бойынша «KEGOC»АҚ алдындағы негізгі қарыздарын толық көлемде өтеді.

Бұл туралы KEGOC баспасөз қызметі xабарлады. 

Аталмыш шарт Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесі мен Өзбекстан энерго жүйесінің қатарлас жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған болатын. Сол уақыттарда соңғы жылдар аралығында Өзбекстан энергожүйесі тарапынан төленбеген қарыздар бар болатын. 

"KEGOC" АҚ тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұл мәселе оң шешімін тапты. 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі «Өзбекэнерго» АҚ төлеген негізгі қарызының жалпы құны 143 млн АҚШ долларын құрады.  Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ және «Өзбекэнерго» АҚ арасындағы әріптестік қатынас жоғары сапалы деңгейге өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде