Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
«Қостанай - Мамлют» тасжолында «КiaCarens» жеңіл автокөлігі «КамАз» жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза болды.
18:17 22.12.2017
«Бүгін «Қостанай - Мамлют» тасжолының 77 шақырымында «Кia Carens» көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол уақытта «КамАЗ» жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан соң жеңіл автокөлік жүргізушісі мен 49 жастағы жолаушы көз жұмды», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары