Юлия Галышева әлем Кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды
Қытайдың Тайву қаласында өтіп жатқан фристайлдан әлем Кубогының екінші кезеңінде қазақстандық могулшы Юлия Галышева алтын медальға ие болды.
19:05 22.12.2017
Юлия Галышева фристайл-могул сынында 80.88 ұпай алды. Екінші орынға 80.08 ұпаймен америкалық Джейлин Кауф жайғасты. Ал қола жүлде канадалық Анди Нодке (80.03) бұйырды.
Финалдық кезеңде Қазақстан құрамасы сапынан Дмитрий Рейхард та жүлдегер атанды. Ол 84.92 ұпайға ие болып, жарыс жеңімпазы канадалық Микаэл Кингсберидке (85.94) ғана жол берді. Үшінші орынға 82.96 ұпаймен австралиялық Мэтт Грэхэм жайғасты.
Еске сала кетсек, осыған дейін Юлия Галышева әлем Кубогы кезеңінің алғашқы күні 77.79 ұпайға ие болып, күміске қол жеткізді. Ол – ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ тәрбиеленушісі.
Дерексөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!