{metadescription}
Алматыда маска киген үш жігіт букмекерлік кеңсені тонап кетті

Алматыда маска киген үш жігіт букмекерлік кеңсені тонап кетті

Алматыда Гай Фокстың маскасын киген жігіттер букмекерлік кеңсені тонап кетті.

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиғаның видеосын оқырмандардың бірі жолдаған.

Бейнебақылау камерасының жазбасына қарағанда, оқиға бүгін, таңғы сағат 04.30-да болған.

Гай Фокстың маскасын киген үш жігіт, кеңсеге баса-көктеп кірген. Біреуінің қолында ағаш бар. Ал басқаларының қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Олар ақшаны ала сала, оқиға болған жерден асығыс кетіп қалды. Кеңсе қызметкерлерінің ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпегенін кадрдан көруге болады.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында Ақтөбе қаласындағы букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы жарияланған еді. Ол кезде Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі 29 қарашада түнгі 3:30 шамасында букмекерлік кеңсеге белгісіз үш адамның баса көктеп кіргенін айтты. Олардың бірі бетперде киген, ал екеуі - көзі ғана ашылған баскиімде болған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде