{metadescription}
0:000:00

Өткен аптада ғана тропикалық дауылдан зардап шеккен Филиппинде тағы да төтенше жағдай

Бұл жолы сауда орталығы отқа оранып, 37 адам ажал құшты. Алты адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.

Қайғылы оқиға ел призиденті Родриго Дутертенің  туған жері Давао қаласында болған.

Үшінші қабаттан шыққан өрт лезде жан-жаққа таралып кеткен. Марқұмдардың дені жоғарғы қабатта орналасқан байланыс орталығының қызметкерлері болып шыққан. Ал билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екендігінен күдіктеніп отыр. Өйткені із-түссіз жоғалып кеткендер бар.

Дутерте мен қызы Сара да жағдайды өз көзімен көріп үшін оқиға орнына  келген. Олар өрт кезінде жоғалып кеткен адамдардың туыстарымен кездесті.

Ал оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде