Президент Салық кодексіне қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салық заңнамасына қатысты бірқатар құжаттарға қол қойды.
15:48 25.12.2017
Мемлекет басшысы салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) ҚР Кодексіне қол қойды.
Елбасы сонымен қатар жаңа Салық кодексінің ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдерін айқындайтын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы заңнаманы жаңа Салық кодексіне сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!