Астанада жаңажылдық шырша өртенді
Елордадағы Тұран даңғылы бойында орнатылған жаңажылдық отқа оранды.
16:43 25.12.2017
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәліметіне қарағанда, Тұран даңғылы бойындағы шыршаның өртенгені туралы ақпарат 25 желтоқсанда сағат 06:19 кезінде келіп түскен.
«Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның кеңінен жайылуына жол берілмеді. Өрт 06:38-де өшірілді», - деді Руслан Иманқұлов.
Тілсіз жауды ауыздықтауға екі арнайы техника мен 10 адам жұмылдырылды.
«Бұл оқиғаға орай зардап шеккендер болған жоқ. Қазір өрттің себебі анықталуда»,-деді ресми өкіл.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті алдағы мереке күндерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң ұстануға шақырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!