Динара Сәдуақасова - Азияның ең үздік шахматшысы
Жыл сайын берілетін «Asian Chess Excellence Awards» сыйлығын тапсыру рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Азияның 2017 жылдағы ең үздік шахматшысы деп жария етілді.
17:44 25.12.2017
Бұл туралы Қазақстанның шахмат федерациясы хабарлайды.
Салтанатты рәсім 23 желтоқсан күні Әл-Аиндегі (БАӘ) Азияның шахмат саммитінде өтті. «Жерлестерімнің жеңісімен мақтанамын. Динара Сәдуақасованы құттықтай отырып, оған жаңа табыстар тілеймін», - деді федерацияның вице-президенті Берік Балғабаев.
Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова - қыздар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол - елдегі шахматшы қыздардың ең үздігі. Оны ЮНИСЕФ ұйымы Қазақстандағы ерікті елшісі етіп сайлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!