Жамбыл облысында жүк пойызы жеңіл көлікке соғылды
Теміржолдағы оқыс оқиға Жамбыл облысында болды.
18:07 25.12.2017
Бұл туралы өңірлік ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Оқиға бүгін таңғы 05:20-да Мойынқұм ауданындағы Шығанақ-Бурылбайтал теміржол өткеліндегі 1 340 шақырымда болған.
«Қарағанды - Шу» бағытындағы №2837 жүк пойызы жеңіл көлікпен соқтығысты», - делінген хабарламада.
Қатты соққы салдарынан автомобиль өртке оранды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүк пойызы құрамында 50 вагон болған.
«Оқиғаға байланысты «Сарыағаш - Астана» және «Отар - Екібастұз» бағытындағы жолаушылар пойыздары бір жарым сағат шамасында бөгеліп қалды. Таңғы сағат жетіде теміржол қозғалыстары қалпына келді», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!