ВИДЕО: Өзбекстанда Қайрат Нұртастың әнінің кавер-нұсқасы жазылды
Өзбекстандық жас әнші Қайрат Нұртастың «Алматының түндері-ай» әнінің кавер-нұсқасын жазды.
17:36 29.12.2017
Өзбек әншісі Акмаль Холходжаев Қайрат Нұртастың әнін шырқады, - деп хабарлады today.kz.
Бұл ән жас жігіттің орындаған тұңғыш қазақша әні.
«Аздап өзбекше акцент бар екенін білемін, оны түзетуге болады, соған тырысамыз», - деді Акмаль Холходжаев өзінің Instagram-аккаунтында.
Әрине, бұл қазақстандық тыңдарманның назарынан тыс қалған жоқ. Кейбіреуі Акмаль Қайратпен бәсекеге түсуіне болады деген пікір айтуда.
«Қазақша айтқан әніңіз үшін рақмет! Құлаққа жағымды естіледі», - деп жазды бір қолданушы әлеуметтік желіде.
Дереккөз: CAVER CHANNEL (YouTube)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!