{metadescription}
Мемлекет басшысы ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады

Мемлекет басшысы ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты жасаған мәлімдемесінде ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесін КТК арнасынан қараңыз.  

Бірінші - қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білуі керек. Біз өнеркәсіпке өндіріс процестерін цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін көтеруге тиіспіз.

Екінші - ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіліп отыр. Бұл шығарылатын өнімдердің үлесін арттыруға оларды қайта өңдеу тереңдігін меңгеруге, сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді.

Үшінші - агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға серпін береді.

Төртінші - транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыту. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді.

Бесінші -ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттың энергияны үнемдеу талабын көтеру, инфрақұрылымдарды интеллектуалдық жүйемен басқару - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға жол ашады.

Алтыншы - қаржы секторының «қайта жандануы. Банктік жүйелерді дамыту бақылау жолымен және қарапайым азаматтардың мүддесі үшін жүргізілуі керек. Банктерге иелік ететін адамдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор.

Жетінші - адам капиталының жаңа сапасы. Білімнің барлық жүйесі заманауи талаптарға және экономиканың барық қажеттілігіне жауап беруі тиіс.

Сегізінші - бұл тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуге, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттілігін барынша есепке алуға мүмкіндік береді.

Тоғызыншы - заңның құзіретілігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалады. .

Оныншы – «Смарт сити» технологиясының енгізілуі өсіп бара жатқан қалалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге жол ашып, инвесторлардың қызығушылығын туғызу. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде