{metadescription}
Тайланда жол апатынан 8 қазақстандық зардап шекті

Тайланда жол апатынан 8 қазақстандық зардап шекті

Тайланда жол-көлік оқиғасынан Қазақстанның 8 азаматы зардап шекті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. .

Қазақстандық туристермен бірге төбесі ашық микроавтобустың жүргізушісі және жол көрсетуші жарақат алған. Саяхаттаушы топ Пхукет аралындағы Hanuman World аттракцион саябағына бара жатқан.

Басылым таратқан ақпраттарға қарағанда, жүргізуші көлік рулін басқара алмай, жол шетіндегі ағашқа соғылған. Тоғыз жолаушы Dibuk Hospital Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілді. Екі туристің аяғы, біреуінің қолы сынған. Басынан қатты жарақат алған туристердің біреуі жедел түрде Phuket International Hospital ауруханасына жіберілді. Полияция жол оқиғасын тексеріп жатыр.

Таиландта жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың үшеуі ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Министрлік Таиландтағы қазақстандық дипломаттар Пхукет аралында жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланысқа шығып, қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты. «9 қаңтар күні «Hanuman World» аттракциондар паркі аумағында ашық микроавтобус жол апатына ұшырағаннан кейін Қазақстанның 8 азаматының төртеуі (1945 және 1982 жылдары туған ер адамдар мен 1978 және 1993 жылы дүниеге келген әйелдер)  түрлі жарақатпен аруханаға жеткізілсе, қалған төртеуі жеңіл жараланған. Екі зардап шегушіге ота жасалды. Қазіргі уақытта олар жергілікті клиникада емделіп жатыр. Ауруханаға жатқызылған әйелдердің бірі (1993 жылы дүниеге келген) бүгін ауруханадан шықты. Барлық зардап шегушінің медициналық сақтандыруы бар»,-  деді ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде