Алматы демалуға ыңғайлы қалалардың алғашқы үштігіне енді
Ресейлік сарапшылар ТМД аймағындағы жаңа жылдық демалысқа ең ыңғайлы қалаларды атады.
16:09 10.01.2018
Бұл үштікке Алматы қаласы кірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Tvil.ru баспана брондау сервисінің хабарлауынша, ТМД елдерінің қай қалаларына орыстар жиі барғанын анықтады.
Рейтинг 30 желтоқсан - 8 қаңтар аралығындағы сұранысқа орай жасалды.
Нәтижесінде Алматы сұранысқа ие қалалардың 3-тігіне енді.
Сондай-ақ, бұл тізімде Минск, Баку,Тбилиси, Ереван бар. Ресейліктердің көбі Алматыдағы Шымбұлақ курортына демалуды жөн санайды.
Баку қаласында ресейліктер 4 күнге, Минск қаласында - 3-5 күнге, Тбилиси қаласында - 3-5 күнге, Ереван қаласында - 3 күнге, Алматыда 6 күнге тоқтаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!