{metadescription}
Туған қызын пышақтап қамауға алынды

Туған қызын пышақтап қамауға алынды

Мас күйінде туған қызына пышақ сұғып алған қостанайлық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталмыш дерек бойынша, ҚР ҚК 106 бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

Дегенмен қылмыстық іс басқа бап бойынша тергелмек.

«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қайғылы оқиға Қостанай қаласында 7 қаңтар күні сағат 16-30-дар шамасында болған. 32 жастағы әйел мас күйінде 13 жасар қызына пышақ салған. Ауыр дене жарақаттарын алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий баланың асқазаны мен өкпесіне қатты зақым келгенін айтқан болатын. Қазір бала есін жиды. Жағдайы бірқалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.