Калифорнияда апат салдарынан 24 адам із-түзсіз жоғалған
АҚШ Калифорния штатының оңтүстік бөлігіндегі су тасқыны мен көшкіннен кейін құтқару қызметінің қызметкерлері 24 адамның із-түзсіз жоғалғанын мәлімдеді.
09:11 11.01.2018
Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
«Олардың қайда екендігінен бейхабармыз. Біз оларды табиғи апат болған аумақта деп болжап отырмыз», - деді Санта-Барбара округінің ресми өкілі Эмбер Андерсон.
Бұдан бұрын Калифорнияның оңтүстігінде болған су тасқыны мен көшкін салдарынан 15 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Соңғы дерек бойынша, 20 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілсе, соның ішінде төрт адам ауыр халде жатыр.
Шамамен 100 тұрғын үй мен сегіз шаруашылық мақсатта салынған ғимарат қирап, 300 үй мен 20 құрылым зақымданған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!