{metadescription}
Әкесінің қырқын өткізу үшін қылмысқа барды

Әкесінің қырқын өткізу үшін қылмысқа барды

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының екі азаматы Ресейге заңсыз өтіп кетпекші болған.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы 21 қазанда екі ер адам Шарбақты ауданы арқылы Ресейге заңсыз өтіп кеткен. Алайда шекарашылардың қолына түсті.

Сотта М. есімді азамат өз кінәсін мойындап, туысқанымен бірге аталған құқық бұзушылыққа не үшін барғанын түсіндірді. Оның айтуынша, туған-туыстардың өтініші бойынша Ресейде әкесінің «қырқын» бергісі келді. Себебі қайтыс болған әкесі - Ресей Федерациясының азаматы. Алайда ұлы көрші мемлекетке заңды жолмен шыға алмады. Өйткені банктен алған несие бойынша қарызы бар.

Ал ондай адамдарға шетелге шығуға рұқсат жоқ. Осыдан кейін ол ағасы екеуі шекара бекетін айналып өтіп, Ресейге заңсыз өтіп кетуге бел буған.

«Павлодар облысы Шарбақты аудандық соты Ақмола және Солтүстік Қазақстанның екі азаматын Қылмыстық кодекстің 392-бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген соттың ресми хабарламасында. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде