{metadescription}
Өз қолымен ұшақ құрастырған қазақстандық

Өз қолымен ұшақ құрастырған қазақстандық

Шығыс Қазақстан облысында өз қолымен ұшақ құрастырған қазақ тұрып жатыр. 

 Өнертапқыш 90-шы жылдарда Ресей мен Қытайдан энергетика саласына керекті қондырғылар жеткізіп  аз-маз қаражат жиған.

Еліміздің алғашқы ұшағын ұшыруды армандаған ол кәсіпкерлігінен ауытқып, авиацияға көңіл бөліпті. 

«Техникаға деген қызығушылық үлкен мақсатқа жетеледі. Әскерде де стратегиялық маңызды техникалардың тізгінін ұстап үйренгендіктен,  ұшақ құрастыруға қажет технологияны өзіміз дайындадық» - дейді Серікқазы Құрманғалиев.

Екі жыл бойы еңбектеніп, екі кісілік ұшақ дайын болады.  Өскеменнің шетінде сынақтан сәтті өтеді де. Жобасын тәуелсіздіктің 10 жылдығына арнауға бар қаржысын жұмсапты. 

«Ұшаққа сертификатты Ресейден алу керек болатын. Ол жақтан келген сарапшылар «Қарлығаштан» жалғыз мін тапты. Біз пайдаланған бұрандалардың арнайы сертификаты жоқ болатын. Оған тіпті мән де бермеппіз. Сарапшылардың кеңесімен барлық бұранданы «ВАЗ» зауытының өнімдерімен алмастырдық. 50 сағат әуеде қалықтап, әр қанаты 20 адамның салмағына шыдас беретіні дәлелденген соң, ресейлік сарапшылар соңғы тексеру үшін өздеріне шақырды» - деп еске алады өнертапқыш.

Тексеруде Серікқазының «Қарлығашты» түгелдей шашып, қирату қажет екен. Әуе техникасын Ресейдің шекарасына кіргізу үшін ресми Мәскеудің рұқсаты қажет болды. Оның жолдаған хаттарына жоғары жақтан жауап болмай, жоба аяқсыз қалды. Ел арасында «Серік-самолет» деген лақап атқа ие болған өнертапқыш қаңқу сөз бен мысқылға шыдай алмай, қаңтарулы қалған ұшағын танысына сыйлап жібереді. «Қарлығаштың» одан кейінгі тағдыры беймәлім.

Қазір құрылыс крандарын құрастыруды қолға алған. Ол «мен құраған «Қарлығаш» Қазақстан тарихындағы тұңғыш отандық ұшақ ретінде қалады» деп ойлайды.



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде