{metadescription}
Өскеменде аязды күні КамАЗ өртеніп кетті

Өскеменде аязды күні КамАЗ өртеніп кетті

КамАЗ жүк көлігінен шыққан өртті өшірмек болған жүргізушінің денесін күйік шалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жүргізуші мотор бөлігінен шыққан жалынды өшірмекші болғанда оң қолын күйдіріп алды. 1-2 деңгейлі күйік алған жүргізуші жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, ем-дом шараларынан кейін үйіне қайтарылды.

ТЖ мамандарының мәліметінше, өрт аумағы 4 шаршы метрді құраған. Өрттің себебі ретінде, қауіптілігі жоғары агрегатты сақтанбай пайдалану нұсқасы қаралып жатыр.

Мамандар қауіпсіздік шараларын тағы да еске салады.

Қыс мезгілінде жүргізушілер мотор бөлігін жылылау үшін тез жанатын маталар мен картон қағаздарды пайдаланатыны баршаға аян.

Аталған заттар  мотордан шығатын от ұшқындарының әсерінен лезде тұтанатынын естен шығармағанымыз абзал. 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде