ВИДЕО: Астанада ұялы телефон жымқырған жігіт бейнекамераға түсіп қалды
Астанада Абай даңғылындағы дүкендерінің бірінің сатушысы танымал маркалы телефонының ұрланғаны жайлы шағымданды.
12:20 24.01.2018
Бұл туралы Patrul.kz хабарлайды.
Кассада есеп айырысып тұрған ер адам сатушының үстелінде жатқан ұялы телефонды көріп, оны жымқырып алуды ұйғарған.
Сатушының назарын артындағы бір затты "алып беріп жіберіңізші" деп, назарын басқа бір нәрсеге аударып, телефонды алды да, күртесінің қалтасыа сала салды. Сөйтіп, алған заттары үшін ақшаны төлеп тұра берді.
«Тәртіп сақшылары құқықбұзушының анықталып, құрықталуына қатысты жедел–іздестіру шараларын жүзеге асыруда.ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп мәлімдеді Астана қ. ІІД-інің Алматы аудандық ІІБ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!