Ақтауда жасөспірім қыз биік үйден құлап қайтыс болды
Оқыс оқиға кеше, 23 қаңтар кешкі уақыттта төртінші ықшам ауданында болды.
12:50 24.01.2018
Тұрғындарының айтуынша, жасөспірім қыз үйдің жетінші қабатынан құлаған.
Оқыс оқиға туралы хабар жедел жәрдемге сағат 19:40 шамасында келіп түскен. Өкініштісі, жасөспірім дәрігерлер келгенше көз жұмды.
Өзіне қол салған қыз төртінші ауданда тұрып жатқан. Белгілі бір себептермен қайғылы оқиға болған күні аталмыш аудандағы №6 үйде болған. Көпқабатты үйдің ішінен оның ұялы телефоны табылды. Қыздың не себепті құлағаны әзірге белгісіз.
Полициялар телефонды тапқан бойда анасына хабар берді. Қазір полиция қызметкерлері болған оқиғаға қатысты көршілерінен мәліметтер жинастыруда
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!