{metadescription}
ВИДЕО: Құрбылары мүгедек қызды аяусыз қорлады

ВИДЕО: Құрбылары мүгедек қызды аяусыз қорлады

Австралияда жасөспірім қыздар 17 жастағы мүгедек қызды аяусыз ұрып-соқты. 

Қыздар мүгедектің басын үстелге соғып, қолын күйдірді. Бұған қоса сынып қалған телефон әйнегін жеуге мәжбүрлеген.

 «Қызымның түрі адам танымастай өзгерген, беті ісіп, көгеріп кеткендіктен көзілдірігін кие алмай қалды.», - дейді жарақат алған қыздың анасы.

Ұрып, кемсітіп, қорлап болғаннан кейін оны саябақта қалдырып кетіпті. Кейін зардап шеккен жан ауруханаға жеткізілді. Қазір ол ем қабылдап жатыр.  

Алдын ала мәліметке сәйкес, қатігездік жасаған -  12-15 жас аралығындағы жасөспірім қыздар. Оларға шабуылдады және тонады деген айып тағылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде