ХОК Ресей туын Олимпиада ойындары-2018 мінбесіне қоюға тыйым салды
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарына қатыспайтын елдердің туларын мінбеге шығаруға тыйым салды.
14:50 24.01.2018
Сондықтан Пенчханда Ресей туы да қойылмайды. 2018-Ойындарында ресейлік атлеттер «Ресейдің олимпиадалық спортшылары» мәртебесіне ие және Олимпиада туының астында шығады.
2018 жылғы Олимпиада жарыстарына және Ойындардың жаттығу нысандарына тумен кіруге тыйым салынған.
ХОК желтоқсан айында «таза» орыстардың Пхенчханға Олимпиадаға баруына шешім қабылдаған болатын. Бірақ олимпиада туы астында және «Ресейден келген олимпиадалық спортшылар» мәртебесінде ғана шығады.
Кейінірек Олимпиадалық жиналыста ресейлік спортшылардың 2018-Ойындарда олимпиадалық тудың астында шыққысы келетін ниетін қолдады.
Айта кетсек, Олимпиада ойындары Пхенчханда 9-25 ақпан аралығында өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!