{metadescription}
Флойд Мейвезердің әкесін қамауға алу туралы ордер берілді

Флойд Мейвезердің әкесін қамауға алу туралы ордер берілді

Флойд Мейвезердің әкесі әйелге шабуыл жасады деген күдікпен америкалық полиция оны қамауға алу туралы ордер берді.

Былық оқиға 2017 жылы күзде Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегінен кейін болған көрінеді.   

Мейвезердің әкесі көлікте келе жатып өзімен бірге тұрып жатқан әйелмен ұрсысып қалған.  Ол әйелді көліктен түсіріп тастағысы келген. Бірақ әйел қарсы болған. Сосын қатты ашуланған Мейвезер әйелдің қарсылығына қарамастан, оны көліктен итеріп шығарған. Әйел сол кезде аяғын жарақаттап алып, ауруханаға жеткізілген.  

Енді полиция Мейвезердің әкесін қамауға алу туралы ордер бергенімен, ол тағылған айыппен келіспей отыр.  Оның өкілі әйелдің тек пайда табу үшін әдейі істегенін алға тартады.

Айта кетсек, Флойд Мейвезердің әкесі де кәсіпқой боксшы болған, 35 кездесу өткізіп, 28 рет жеңіп, 6 рет жеңіліп, бір рет тең түскен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде