Таксистер астана тұрғындарын тегін тасымалдайды
Астананың такси қызметі «Қайырымды сапар» әлеуметтік акциясын бастады және жолаушыларды тегін тасымалдау үшін 11 автокөлік ұсынбақ.
15:44 24.01.2018
Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.
«Акция елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған. Жүргізушілер қаланы аралап, тоқтап, тегін жеткізіп тастауды өздері ұсынады. Акция барысында баласы бар жолаушылар мен жасы үлкен адамдарға артықшылық беріледі», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Акция 24-25 қаңтар аралығында сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады. Іс-шараға алты таксомотор компаниясы қатысады.
«Акциямызға барлық кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтарды осындай қиын кезеңде қалыс қалмауға шақырамыз», – дейді такси қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!