{metadescription}
ВИДЕО: Қытайдағы Гуйюй қаласы электронды қоқыспен қоштасты

ВИДЕО: Қытайдағы Гуйюй қаласы электронды қоқыспен қоштасты

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы  Гуйюй қаласы бұрын-соңды әлемдегі ең ірі электронды қоқыстардың қалдықтарымен аты шыққан. 

Мұнда электронды құрылғыларының 70 пайызы тасталып отырған. Ескі компьютерлерді  жергілікті тұрғындар қолмен бөлшектеліп өңдеп келді. Көбінесе олар қауіпті заттарды қолданды.

Экологтардың айтуынша, бірнеше жыл бұрын топырақта және суда ауыр металдардың концентрациясы бірнеше жүз есе асып кетті. Пластиканың күйдірілуі қаладағы балалардың 80 пайызы қанында қорғасынның қауіпті деңгейіне жеькізген. Енді жергілікті тұрғындар еркін тыныс ала алады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қытай 24 түрлі қоқыс импортына тыйым салды.

Сондай-ақ Гонконгтан контрабандалық қалдықтармен күресті күшейте түсті. Бұл аталмыш қаладағы жүздеген жекеменшік кәсіпорындардың жабылуына әкелді. Енді ескі электроника қаладағы жаңа зауытқа қабылданады, ол барлық қажетті стандарттарды сақтай отырып өңделеді.

ДЕРЕККӨЗ: Reuters

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде