{metadescription}
25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Суық антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстаннан кетпей, республиканың көптеген облыстарына орныққан қатты аяз әлі сақталады.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. 

Өткен тәуліктерде орталық,  оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-8°С төмен, ал солтүстік пен шығыста 10-18°С, қиыр шығыста нормадан 20-23°C төмен болды.
Сол уақытта, республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағынның әсерінен, Иран мен Қара теңіз аудандарынан жылы ауа келіп, бұл осы жерлерде ауа температурасының нормадан 3-5°С жоғары көтеруде. Қаңтардың 25-27 күндері батыст пен оңтүстікте кей жерлерде төменгі боран, екпіні  23-28 м/с,  15-20 жел соғып, бұл 200-500 м дейін көруді нашарлатады.

Қазақстанның үш облысында, болжанатын қатты желге орай, дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда облысында 24 күндіз, 25-27 қаңтарда тәулік бойы шығыс, солтүстік-шығыс желі кей жерлерде  18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және артық болып сақталады.

Ақтөбе облысында 24 күні күндіз,  25 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.